![Қазақстандық банктер туралы жалған ақпарат таратқандар анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74824.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық банктердің банкротқа ұшырайтындығы туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам анықталды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:
Банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі жалған ақпараттарға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты тексеру шаралары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық банктер туралы жалған ақпарат таратқандар анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/5819/)