Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 24 қараша күні «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті өтеді. Қайырымдалық кештен түскен қаржы мұқтаж жандарға беріледі. Жоба бұған дейінгі Алашорданың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралардың бір парасы. Мәселен, белсенді жастар наурыз айында Алаш арыстарының рухына арнап ас беріп, 100 ағаш отырғызған. Игі бастама жыл соңына дейін жалғасады.
Біләл Қуаныш, «Қамшы» ақпараттық агенттігінің жетекшісі:
- Біз бұл концерт арқылы 100 жетім балаға, 100 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына, студенттерге 4 млн. теңге көмек беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, бұл Алашорданың 100 жылдығына арналады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58247/)