Атыраулық зейнеткерлер араға 50 жыл салып мектеп партасымен қайта қауышты. Еңбек демалысындағы жандар заман талабына сай компьютердің тілін меңгеруде.
«Смарт ел» жобасына облыстағы 7 ауданнан 195 адам қатысуда. Бұл жобаның мақсаты - зейнет жасындағы азаматтардың өмірге деген қызығушылығын арттыру. Заманауи жаңалықтардан қалыс қалмау үшін жағдай жасау. Жыл соңына дейін «Смарт ел» жобасы шеңберінде 500 адамды оқыту көзделген.
Шарипа Қабылова, зейнеткер:
- Қазір технологияның заманы. Сондықтан, біздерде қалыспай, жастармен бірге компьютерді меңгерудеміз.
Сол үшін осы курсқа келдік. Алғашқы бастамасы жаман емес. Барлық пернелерін басуды, программаларын үйреніп жатырмыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атыраулық зейнеткерлер компьютерді меңгеруде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58328/)