«Креативті Орталық Азия». Бүгін елордада дәл осындай атауды арқау еткен халықаралық форум басталды. Шараға Британия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен меймандар келді. Олардың ортақ мақсаты - Орталық Азия соның ішінде Қазақстанда креативті бизнес саласын өркендету. Форум барысында жер жүзіндегі креативті экономиканы дамытудың лидері Ағылшындардың тәжірибесі сөз болды. Шара ертең де жалғаспақ.
Галина Карецкая, Халықаралық компания өкілі:
- Алғаш рет креативті экономика тақырыбына арналған ірі форум өтіп отыр. Біз бұл форум дәстүрлі түрде өтеді деп сенеміз. Шараны Астанада өткізуіміз бекер емес. Өйткені, Астана - болашақтың қаласы. Осы жерден басталған шара игі болады деп сенеміз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Креативті Орталық Азия» халықаралық форумы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58467/)