«Қазпошта» компаниясы әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде жиын өткізді. Шара барысында Біріккен Ұлттар Ұйымымен біріккен «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» акциясы басталды. Қоғамдағы түрлі жәбір көрген әйелдерді қолдау мақсатында «Қазпошта» қызметкерлері 16 күн бойы бастарына қызғылт-сары түсті орамал тағып жүреді. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі нәзік жандылардың 17%-ы зорлық құрбаны болса, 21%-ы түрлі психологиялық қысым көреді екен.
Алтын Садықова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:
- Биыл «Қазпошта» әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту кеңесіне қосылды. Біздің компанияда 23 мың адам жұмыс істейді. Олардың 76 пайызы - әйелдер. Сондықтан, біз гендерлік саясатты және дискриминацияға жол бермеуді қолдаймыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» акциясы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58496/)