Денсаулығы жақсарған 15 адам үйіне оралды. Әлі 9-ы ауруханада жатыр. 3 науқас жансақтау бөлімінде. Олардың жағдайы әлі ауыр күйде.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Теңге ауылы маңындағы теміржол өткелінде тепловоз бен жолаушылар мінген «Газель » автокөлігі соғысып, 36 адам зардап шекті. 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Осы жағдайдан кейін облыс бойынша темір жол бойындағы тәртіп күшейді. Заңсыздыққа жол берген учаске басшысы жұмысынан босатылып, 3 лауазымды тұлға қызметінен уақытша шеттетілді. Тергеу амалдары әлі жалғасуда.
Айсара АЙТМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңаөзенде жол апатына ұшырағандардың алғашқы легі ауруханадан шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58680/)