Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулдығы Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер мен студенттерді Қазақстанның заңдарын сақтауға шақырды.
Бүгін арнайы бас қосқан мамандар көші-қон, салық, қауіпсіздік мәселесіне байланысты екіжақты талаптардың орындалуын талқылады. Сондай-ақ, тараптар қос мемлекетке виза аштыру жағын жеңілдету ісін де қарастырды. Өйткені, қазір елімізде мың жарымға жуық қытайлық студент білім алып жатыр. Ал, 500-ден астам түрлі қытайлық компанияның өкілдері жұмыс істеуде. Тиісінше, соңғы жылдары )ытайда оқитын қазақстандық жастардың да саны артқан.
Чжан Вэй, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы:
- Бізге әрқашан қытайлық кәсіпкерлер мен студенттердің Қазақстан заңын сыйлағаны, орындағаны керек. Өйткені, екі елдің кәсіпкерлері мен тұрғындарының қарым-қатынасы күн санап дамып келеді. Осы мақсатта сіздердің заң органдарыңызбен бірігіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ортақ диалог жасағымыз келеді.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы ҚХР консулдығы қытайлық кәсіпкерлер мен студенттерді Қазақстан заңдарын сақтауға шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58708/)