Көкшетаудағы орталық мешіт пен қалалық ардагерлер кеңесі және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі осындай ортақ келісімге келді. Енді жаңа жылдан бастап жерлеуден кейін берілетін асқа табақ-табақ ет тартып, аста-төк дастархан жаюға болмайды. Яғни, ысырыпқа жол жоқ. «Дұға - той емес, марқұмның үйінен ас беру мұсылманның міндеті емес дейді», - ардагерлер кеңесінің өкілдері. Мұндай шешім Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» пәтуа кітабына негізделіп жасалған.
Шияп Әлиев, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Өлім бірдей болғаннан кейін, біз шешім қабылдадық. Кім болса да, кәрі болсын, жас болсын, бай болсын, жарлы болсын - бірдей болсын. Бәріне турап берсін, шайға тек қазақтың тағамдары болсын. Май, бауырсақ, нан, аздап кәмпит, шай сонымен тоқталсын деп шешімге келдік.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жерлеуден кейін берілетін ас мәзіріне шектеу қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58899/)