Бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен бизнес құрылымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Атап айтсақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Аблай Мырзахметов 3 дәрежелі «Барыс» орденімен, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Парасат» орденімен марапатталды. «Құрмет» орденін алғандардың ішінде Ұлттық экономика вице-министрі мен «Verny Investments Holding» компаниясының және Қаржы министрлігінің өкілдері болды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік наградаларды тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/58982/)