«Қазгидрометтің» кезекшілік тобы таратқан ақпаратқа сәйкес, алдағы екі тәулікте жел күшейе қоймайды. Тиісінше, шаһардағы жылу-электр станциялары мен тұрғын үйлерден шыққан түтіннің сейілуі қиындай түспек. Қалалық экология басқармасының мәліметінше, ластанудың 50 пайызы сапасыз жанармай пайдаланатын көліктердің еншісінде. Сондай-ақ, жылыту станцияларындағы құрылғылардың ескілігі де ауаға таралатын зиянды қалдыққа себеп болып отыр.
Елдос САПАРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана аспанын торуылдаған қою түтін әлі екі күн сақталуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59007/)