Ауа райының күрт құбылып, көктайғаққа байланысты үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» мекемесінің мамандары хабарлады. Айталық, Қарағанды облысында кеше түнгі сағат 21:30-дан бастап автокөліктің барлық түрі бойынша барлық бағытқа қозғалыс шектелді. Ал, Павлодар облысында түнгі 12-ден бері жолдар жабық. Сондай-ақ, Ақмола облысында да 24 желтоқсан сағат 23.00-ден бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша Екатеринбург-Алматы тасжолында қозғалыс шектелген.
Ал, «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көктайғаққа байланысты 3 облыста жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59111/)