«Хан Шатырда» «Chaplin cinemas» желісінің орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хан Шатырда» «Chaplin cinemas» желісінің орталығы ашылды

15.01.2018

Киносүйер көрерменге жағымды жаңалық. Астанадағы «Хан Шатыр» сауда – ойын-сауық орталығында «Chaplin cinemas» желісінің тағы бір орталығы ашылды. 6 залдық заманауи кинотеатр қазірдің өзінде келушілер тарапынан жоғары баға алып жатыр. 

Дмитрий Кириенко, «Chaplin cinemas» желісінің қаржылық директоры:

- Көрермендер үшін барлығын сапалы және жоғары деңгейде жасауға тырысамыз. Біздің кинотеатрымыз қаладағы ең жаңа болып саналады. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, ашылып отырған залдарымыз шағын. Ал, баға жағына келер болсақ, түрлі акциялар арқылы біз билетті қолжетімді қылып сатамыз.   

«Chaplin cinemas» кинотеатрының жаңа желісінде әзірге тек 229 орынға арналған 3 зал жұмыс істеп тұр. Алайда, ақпанда тағы екі жаңа зал ашылса 486 көрермен бір мезетте кино көруге мүмкіндік алады. Ал, наурызда кинотеатрдың соңғы, VIP бөлімі өз жұмысын бастайды.

Евгения Васильева, қала тұрғыны:

- Мен бұл кинотеатрға тұңғыш рет келіп отырмын. Орындығынан бастап, дыбыстың сапасы, дизайны өте жоғары екен.

«Chaplin» кинотеатрының бір ерекшелігі көрермендерге қажетті тауар мен сусындарға арналған әмбебап касса жұмыс істейді. Бұл жерде сондай-ақ әр адам өздігінен онлайн билет те ала алады.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу