Парламент депутаттары өңірлерді аралап, тұрғындармен кездескен кезде жиі көтерілген мәселелердің бірі – электр энергиясына сараланған тариф жойылғаннан кейін бағаның көтерілуі жайында болды. Бүгін Мәжіліс депутаттары Астана қаласындағы тарифтер жайын қозғады. Айта кетейік, елорда төңірегіндегі жылу-электр орталықтарындағы электр қуатының бағасы әлдеқайда төмен. Ал, сатылған кезде 75-80 пайыз қосылып отыр. Республика бойынша монополистердің 95 пайызы жоғары тарифпен жұмыс істеп жатыр. Депутаттар оны 45-50 пайыздан асырмау керек деп отыр. Елімізде электр энергиясының тапшылығы жоқ, бірақ баға аспандап кеткен. Сондықтан, бұл түйткілді мәселені тез арада шешу қажеттігі туындап отыр.
Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Көп станциялар барынша жұмыс істеп жатқан жоқ. Мұның барлығы жоспарлаудың дұрыс болмауынан деп ойлаймын.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тариф мәселесін реттеу керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59430/)