Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 21/450 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбазды іздестіруге әскери бөлімнің жеке құрамы, Гвардейский гарнизоны әскери полициясы бөлімі және жергілікті ішкі істер органдары жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, сарбаз 21-қаңтар күні кешкілік әскери бөлімде болмай шыққан. Қаңтардың 23-күні Атыраудан Отарға жеткен Жанболаттың ағасы мен жездесі «қазір іздестіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр», - дейді. 19 жасқа қараған сарбаз Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылынан шақыртылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен сарбаз Жанболат Бозбанов әлі табылмады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59432/)