Алматыда еліміздегі экологияға зиянды қалдықтарды қайтадан өңдеу мәселелері талқыланды. «KazWaste» қауымдастығы ұйымдастырған бизнес-форумға шетелдік ғалымдар да қатысты. Олар қоқыстарды басқару жүйесіндегі қордаланған мәлелелерді шешу тетіктерін саралады. Мамандардың айтуынша, елімізде жылына 5 млн. тоннадан астам қалдық шығарылады. Оның 90 пайыздан астамы өңделмей, бірнеше жылдар бойы сақталып жатады. Сондықтан, оларды қайта өңдеу үшін жаңа технологияларды енгізу керек.
Шынболат Байқұлов, «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының төрағасы:
- Кейбір елдер қолданылған материалдардың 80-90 пайызын қайтадан өңдеп, айналымға шығарады. Мысалы, Жапонияда полиэтилен, пластик өнімдері 7-8 рет өңделеді. Сол арқылы экономикасын да, экологиясын да тиімді жүргізіп отыр. Сондықтан, біз де өркениетті елдердің тәжірибесін қазір елімізге енгізіп жатырмыз.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде қалдықтарды қайта өңдеу қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59454/)