Бүгін Алматыда жер сілкінді. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік мемлекеттік мекемесі сағат 15:20-да жерасты дүмпулерін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған. Бұл мұндағы тұрғындарға шамамен 2-3 балл шамасында сезілген. Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері ешбір ғимаратқа зақым келмегенін хабарлады. Аймақта төтенше оқиға тіркелген жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 2-3 балл шамасында жер сілкінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59511/)