Қаңтардың онынан бастап ақпанның онына дейін елімізде «Қайырымдылық» атты республикалық акция өтуде. Шараның мақсаты - көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету. Ауқымды акция аясында бүгін Астанадағы№15 мектеп-лицейінде қайырымдылық жасалды. Мектептегі бір топ оқушыларға түрлі сый-сияпаттар жасалып, балалар керек-жарақпен қамтылды. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Ғалия Омашова, №15 мектеп-лицейі директорының орынбасары:
- Бүгін біздің мектебімізде үлкен іс-шара. Яғни, осы қамқорлық акциясына белсене қатысып, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға көмек көрсетудеміз.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде «Қайырымдылық» атты республикалық акция өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59526/)