«Алаш идеясы – бүгінгі заманның берік діңгегіне айналды. Қайраткерлер көксеген ұлт мұраты мен елдік мүдде бейбіт қоғамның басты бағдары». Мектеп оқушылары алдында сөз алған тарихшылар осылай деді. Сондай-ақ, жиынға Алашорда үкіметін құрушылардың ұрпақтары да қатысты. Олар екі дәуір сабақтастығын салмақтап, аталарының аманаты орындалғанын айтады. «Алаш идеясынан «Рухани жаңғыруға» дейін» конференциясын ұйымдастырып жүргізген әрі тыңдармандары – білім ордасының шәкірттері. Осылайша, «ұлт көсемдерінің іргелі істерін кейінгі ұрпақ ескеріп өссе есті болады»,-дейді.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тарихшылар: Алаш идеясы – бүгінгі заманның берік діңгегіне айналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59555/)