Қарағанды мен Теміртау қалаларындағы екі оқушының өлімінен кейін балалардың әлеуметтік желідегі жазбалары жаппай тексеріліп жатыр. Жеткіншектердің қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барған облыстық Білім басқармасы бірінші кезекте ата-аналардың көмегіне жүгінбек. «Әр ата-ана баласының сабақтан бос уақытта немен айналысатынын, қандай әлеуметтік желіге кіргенін, алмасқан ақпаратын білуі тиіс», - дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 3 күні Қарағандыдағы №23 мектептің 7-сынып оқушысы пәтерінде асылып өлді. Ал, 8 ақпан күні Теміртауда 10 жастағы бала өз үйінде қайтыс болды. Полиция екі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бақытжан Құдияров, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
- Аталған факт бойынша ҚР ҚК 105 бабы 1 тармағына сәйкес, яғни, өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу күдігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпараттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балалардың әлеуметтік желідегі жазбалары тексерілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59591/)