Қызылордада «Ана мен бала» орталығында жаңа туған сәбилерге әрқайсысының өз есімі жазылған домбыра сыйға тартылды. Бұл - «Рухани жаңғыру» орталығының игі бастамасы. Ұлттық тәрбие ұлттық құндылықты дәріптеуден басталады. Сондықтан, ұйымдастырушылар «қазақтың қара домбырасын сыйлау арқылы баланың бойына тәлімді тәрбие қалыптастыруға болады»,-дейді. Сондай-ақ, «Домбыра фест» шарасы аясында қаладағы мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарында үзіліс кезінде күйлер мен Сыр сүлейлерінің жырлары орындалды. Алдағы уақытта бұл дәстүрге айналмақ.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жаңа туған сәбилерге домбыра тарту етілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59678/)