Болашақта Авиацонный көшесі – Социалистік еңбек ері Кәмшат Дөненбаева атындағы, ал Қазақ көшесінің атауы шаһардың іргетасын қалаған азаматтардың бірінің құрметіне – Әбілсай деп аталады. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауында талқыланды. Бүгінде мән-мазмұны облыс тарихына еш қатысы жоқ көшелер қалада көп. «Ешкімге белгісіз, әрі дәуір үнімен үндеспейтін атаулардан гөрі, еліне еңбегі сіңген жерлестердің есімдерін ескергеніміз абзал», - деді жиналғандар. Былтыр облыс орталығындағы Таран, Герцен көшелерінің атаулары Тәуелсіздік және Қобыланды батыр болып өзгерді.
Қымбат Сұлтанова, Қостанай қаласының тұрғыны:
- Кәмшат Дөненбаева заманауи жастарға адалдығымен, ашықтығын мысал ретінде келтіріп қоғамның игілігі үшін жұмыс істеді. Сондықтан да біз Авиационный көшесін Кәмшат апамыздың атымен атау жөнінде бастаманы қолдаймыз.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай қаласындағы екі көшенің атауы өзгеруі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59721/)