Маңғыстаудағы кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі өз дайындықтарын пысықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі өз дайындықтарын пысықтады

28.02.2018

Мұнда 100-ден астам құтқарушы бар. Олар мұнай ұңғыларындағы апаттардың алдын алып, оқыс жағдайлар орын алған кезде бұрғышыларды құтқарады. Бұл жұмысқа екінің бірі шыдамайды. Мінсіз денсаулық пен мықты дайындық керек. 70-ке жуық мұнай компаниясымен бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорында 40-қа жуық техника мен 300-ден астам құрал-жабдық бар. Осыған дейін құтқару қызметі ондаған апатты ауыздықтап, жүздеген адамды құтқарған. 

Тұралы Көшербаев, құтқарушы:

- Қиын болды, әрине. Бірақ, көп еңбектің, қызметтің арқасында дайындалып, жаттығулар арқылы жақсы түсірдік. Осында жұмыс жасап келе жатқаныма 10 жылдан асты. Осындай жаттығулар жиі болып тұрады.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу