Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлім етті. Әуежайдың Майбалық өзеніндегі аумағы су астында қалуы мүмкін екен. «Бұл аумақтан суды бұру үшін тиісті нысанды салу қажет», - деді ол. Жалпы Мәжілісте төтенше жағдайларды алдын алу мәселесі талқыланды. Еліміздегі сейсмологиялық станциялар жеткіліксіз, бар-жоғы 69 станция бар, бірақ еліміздің бүкіл сейсмологиялық белсенді аумағын қамтамасыз ете алмайды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда 15 мыңға жуық төтенше жағдай мен оқиға тіркелген. Одан 6400-ден астам адам зардап шегіпті. Дегенмен, төтенше жағдайларды жоюға 35 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана әуежайының бір бөлігін су басу қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59778/)