Байқауға 45 пен 85 жас аралығындағы 22 адам қатысты. Мақсат – ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие, өнеге беру. Байқауға қатысқан ақсақалдар «қазіргі жастар бата мен тілекті шатастырады, бата беру ата дәстүріміз, сондықтан, бұл құндылықты бүгінгі жастар ерекше қадір тұтуы тиіс», - дейді.
Сағынбек Ақанов, Өскемен қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
- Біз басқа да жарыстарды қолға алмақпыз. Мақал-мәтел жарысы, жыр-термелерден жарыс өткіземіз. Осылай ұрпаққа өнеге, үлгі көрсетпекпіз.
Айдана ДАЙЫРОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет бата беруден байқау өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59788/)