Қызылорда облысы Арал қаласында екіқабатты үйді бөліп тұрған өткел опырылып құлады. Зардап шеккендер жоқ. 1986 жылы балабақша ретінде салынған ғимарат 90- жылдары тұрғын үй мақсатына берілген. Осы уақытқа дейін онда 15 отбасы тұрған. Оқыс оқиғадан кейін 8 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Ыстық тамақпен, киім-кешек, төсек орынмен қамтамасыз етілді. Ал, қалған 7 жанұя ғимараттың қауіпсіз аумағында тұрып жатыр. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы комиссия құрылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арал қаласында екіқабатты үйдің өткелі құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59911/)