«Сұлтан Бейбарыс» алаңына жиналған халықтың санында есеп жоқ. Барлығы Жаңа жылды қарсы алып, шат-шадыман күйде.
Жалпы, қала бойынша 60, ал, мына алаңда 23 киіз үй тігіліп, келушілерге Наурыз көже таратылуда. Сондай-ақ, салт-дәстүрді дәріптеген көріністер сахналанып, ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ал, бірқатар киіз үйлерде көрме-жәрмеңкелер өтіп жатыр. Таңсәріден басталған мерекелік шаралар мұнайлы шаһардың жер-жерінде өтуде.
Бүгінгі шараның ерекшелігі сол, ең дәмді Наурыз көже мен үздік салт-дәстүр қойылымы және ең үздік киіз үй иелері анықталып, ақшалай, бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Ал, кешке жергілікті және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда Наурыз тойына 60 киіз үй тігілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/59959/)