Ұлттық стильде ұйымдастырылған шара тұрғындардың қызығушылығын арттырды. Мұнда кәсіби мамандар электрондық қызмет түрлері бойынша тегін кеңес берді. Қатысушылар жаңа қызмет түрлерімен танысып қоймай, киіз үйдегі дәмнен ауыз тиіп, бүркітшілермен суретке түсті. Соңы концертке ұласып, тұрғындар той-думанның куәсі болды. Бүгінде Маңғыстау облысында электронды қызмет түрлері көбейді. Үйден шықпай-ақ, 30 түрлі құжатты «М-gov» мобильді үкімет порталы арқылы алуға болады. Ол үшін тек ұялы телефонмен бір реттік парольді енгізіп, сұраныс беру қажет.
Ерлеген Мендалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысының орынбасары:
- Мысалы, біз мемлекеттік органдарға баратын болсақ, өзіміздің негізгі жұмысымыздан сұрануымыз керек. Оған бару үшін уақыт керек. Элекрондық форматта алатын болсақ, тек қана цифрлық қолтаңбамызды пайдаланамыз. Сол арқылы 10-15 минут ішінде өзімізге керекті қызметтерді алуға мүмкіншілік туды.
Айсара АЙТМАН
