Еңбек ұжымдарындағы тәртіп талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек ұжымдарындағы тәртіп талқыланды

30.03.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы еңбек ұжымдарының рөлі мен мұндай қылмыстардың алдын алу. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Кәсіподақтар федерациясы осы тақырыпта арнайы мәжіліс өткізді. Оған құзырлы органдар мен қаладағы барлық сала өкілдері қатысты.

Жиналғандар жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін құқықтық кемшіліктерді талқылады. Атап айтсақ, денсаулық сақтау жүйесіндегі ортақ мәселелер сөз болды.  Жалақы төлеу жүйесіндегі кемшіліктер мен оның аздығы және еңбек демалыстарын ұйымдастыру жұмысындағы заңсыздықтар айтылды. 

Айгүл Ескендірова, Астана қаласы №9 емхананың мейрібикесі:

Мен медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру мен сыйақылар беріп тұру керектігін айтып, мәселе көтердім. Өзім осы салада отыз жылдан бері жұмыс істеймін. Бұл барлық әріптестеріме ортақ мәселе. Жиынға қатысқан тиісті орган өкілдері қаперіне алады деп ойлаймын.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу