Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап Елордаға жамбылдық жастар сәлем жолдады. Арнайы флеш-моб өткізген Астананың төл құрдастары биден шашу шашты.
Бұл іс-шараның «Қазақ хандығының - 550» жылдығына арналған монумент алдында ұйымдастырылуы бекер емес. Әулиеата жері – Қазақ хандығы алғаш ту тіккен киелі мекен. Қазіргі Қазақстан – сол тұғырлы мемлекеттің жарқын бейнесі. 20 жылдық белесті бағындырған еліміздің жүрегі Астана қаласы қазір әлемнің ең көркем шаһарларының біріне айналды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл жастары Астананың мерейтойына тарту жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60225/)