Сәуірдің 18-і еліміздің барлық телерадио арналарында профилактикалық үзіліс болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәуірдің 18-і еліміздің барлық телерадио арналарында профилактикалық үзіліс болады

16.04.2018

18-ші сәуір күні профилактикалық жұмыстарға байланысты эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын таратушы желілерде жоспарлы техникалық үзіліс болады.

Бұл туралы «Қазтелерадио» Акционерлік қоғамының мамандары айтты. Жоспарға сәйкес, 18 сәуір күні түнгі сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін елдегі барлық телеарна мен радиода хабар тарату уақытша тоқтатылады. 

Теміржан Құлбаев, «Қазтелерадио» АҚ техникалық директоры:

-Техникалық талаптарға сәйкес, әр тоқсан сайын осындай профилактикалық үзіліс жасап тұруымыз керек. Өйткені, біз станциялар мен антенналардың қауіпсіздігін және  мүмкіндігін тексеріп, олардың сапалы хабар таратуы үшін жұмысты одан әрі жетілдіруіміз қажет.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу