Атырау облысында дәрігерлік емхана апатты жағдайда тұр. Махамбет ауданындағы ғимараттың қабырғасы қақырап, іргетасы шөккен. Ғимарат 2011 жылы тұрғызылған, құрылысына 2 миллиард теңгеге жуық мемлекет қаржысы жұмсалыпты. Сапасыз салынған нысанды бастан-аяқ қайта жөндеу үшін қазынадан тағы қаржы бөлінбек. Бүгінде емхананың адам өміріне қауіпті деген бөлігі жабылып, ем қабылдайтын жұрт жерге көшірілді.
Ұлықбек Тінәлиев, Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:
- Іргетасы отырғанының салдарынан жөндеу жұмысы жоспарланды. Бұл жұмыстар осы жылы жүргізілетін болады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында жаңа емхана апатты жағдайда тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60308/)