«Кітап - әлемді бағындырады». Осындай атаумен Алматыда Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ауқымды акция басталды. Оған физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен 250 оқушы атсалысып жатыр. Олар бір-біріне тағылымды-танымдық кітаптар сыйлауды қолға алды. Ұстаздардың сөзінше, мұндай шара шәкірттердің кітапқа деген қызығушылығын оятып, білім көкжиегін кеңейтеді. Сондықтан, аталған акция биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Динара Бегалықызы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
- Ұйымдастыру барысында қызықтар әрине, өте көп. Бір жағынан қарбалас болып жатса, екінші жағынан ең бастысы, оқушылар дән риза.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ауқымды акция басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60356/)