Бұған жаңадан ашылған өндіріс орындары ықпал етті. Биыл тағы 22 мың адамды еңбекке тарту көзделген. Облысқа жұмыс сапарымен барған Сенат депутаттары өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жасалып жатқан істерді бағамдады. Жұмыссыздықтың алдын алу үшін биыл облыс бюджетінен 6 млрд. теңге бөлінді. Соның 1,5 млрд. теңгесі кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтарға берілмек. Іскерлік негіздеріне оқытатын «Бастау бизнес» курстарына 600-ге тарта адам тартылған. Кездесуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін заңдастыру мәселелері талқыланды. 2018-2019 жылдарға арналған жол картасын іске асыру тетіктері де сөз болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында жұмыссыздар саны 3 есе азайған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60362/)