«Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының өкілдері өздерінің ұлттық дәстүрін көрсетіп, ән айтып, би билеп қарсы алды. Мерекелік концерт аясында елордалық ұлттық-мәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық» атты театрландырылған қойылымы көрсетілді. Шара соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды және салтанатты шараға қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Астанадағы мерекелік шараға қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60460/)