Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бұл жайт Азия мен Африканың ең кедей елдерінде тіркеліп отыр. Ал, ғаламшарда әр 10 адамның 9-ы лас ауамен тыныс алады екен. Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жүрек ауруы, инсульт, өкпенің қатерлі ісігі тәрізді аурулардың туындауына ауаның ластануы себеп. Бұл деректерге әлемнің 4300-дей қаласы туралы спутниктік мәліметтер негіз болған. Биыл қазанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауаның ластануы мен денсаулық сақтау жөнінде алғашқы конференциясын өткізеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауаның ластануы әлемде жыл сайын 7 миллион адамның өліміне себепші&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60465/)