Олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыратын тағылымды шарада ардагерлер бастарынан өткен қиын кезеңді, есте қалған қызықты сәттерін әңгімеледі. Шәкірттер де көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы сарбаздардың ерлігі мен жау əскерлерінің қақтығыстары бейнеленген фильм көрсетілді. Оқушылар ауған жауынгерлеріне арналған өлеңдер оқып, жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген жандарға сый-құрмет көрсетті. Ал, ардагерлер от пен оқтың ортасында жүргенде өздерін жігерлендіріп, Отанға деген ыстық сезімін оятқан жалынды әндерді шырқады.
Әли Дауылбек, «Абырой» Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының төрағасы:
- Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара біздің өз армиямызды қолдауға арналады. Қарулы күштер қатарында қызметте жүрген офицерлерді, жауынгерлерді, сержанттарды мерекелерімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ұзақ, бақытты өмір және әскери дайындықта сәттілік тілейміз.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматылық оқушылар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60471/)