Маңғыстау облысында суды тұшытатын зауыт құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында суды тұшытатын зауыт құрылысы басталды

03.05.2018

Маңғыстау облысында су тұшыту зауытының құрылысы басталды. Ауызсу мәселесі өңір үшін өзекті. Әлеуметтік маңызы бар нысан Маңғыстау облысының әкімдігі мен шетелдік инвестор арасындағы меморандум аясында жүзеге аспақ. Жоба құны - 39 млрд. теңге. Зауыт іске қосылған соң, тәулігіне 50 мың текше метр су береді. 100 жұмыс орны ашылмақ. 

Зауыттан шығатын тұшытылған су Құрық ауылынан бастап Жетібай, Шетпе кентін қамтып, Ақтауға дейін жеткізіледі. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады. 

Али-Мохамад Хатиб, инвестор:

- Біздің компания бұған дейін су тұшыту зауытын салған. Сондықтан бұл жоба бізге аса қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Мәселен, соңғы рет дәл осындай жобаны Иранда жүзеге асырдық.

Жазықбай Асанов, Құрық ауылының тұрғыны:

- Зауыттың ашылғаны халыққа жақсы болады. Су біздің ауылда аз. Көп рахмет.

Айсара АЙТМАН

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу