Қазақстанның азаматтығын алуға ниетті шетелдіктер саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді. «Бұл Қазақстандағы азаматтық институттың халықаралық беделі жоғары, әлеуметтік-экономикалық жүйесі тұрақты екенін дәлелдейді», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы. Сондай-ақ, еліміздегі этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы да шетелдіктерді тартатыны сөзсіз. Көп ұзамай Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін алыс-жақын шетелдерден келген 587 адам еліміздің азаматтарына айналады. Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қазақстандықтар жаңа Отаны үшін тиімді еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=587 шетелдік Қазақстан азаматтығын алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60721/)