Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті жанынан мектеп жасындағы балалар үшін алты ІТ сыныбы ашылды. Білім ордасы бұл жобаны «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жүзеге асырды. Орталық заманауи құрылғылармен толық жабдықталған. Сондай-ақ, оқушылар құрастырмалы лего бұйымдар арқылы робототехниканы да меңгеріп шығады. Орталықтағы оқу мерзімі үш ай, 8 бен 16 жас аралығындағы кез келген бала тегін білім алады. Әзірге университет 80 балаға сандық технология негіздерін оқытпақ.
Рауан Бегалиева, университет проректоры:
- Бұл жерде балалар бірнеше мультимедиялық бағдарламаларды үйренеді. Сабақтар арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Сыныптар үш ай мерзімде оқиды. Оқу аяқталған соң оқушылар сертификат алып шығады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте алты ІТ сыныбы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60800/)