Бүгін астаналықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды. Монументтің алдына қала әкімі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және қоғамдық ұйымдардың белсенділері келген. Сондай-ақ, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту» күніне бейжай қарамайтын тұрғындар жиналды. Барлығы гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік сақтады. Бұдан бөлек, құрбандарды аза тұтуға жиналған тұрғындар өздерінің ұсыныс-тілектерін де білдірді.
Марғұлан Боранбай, қала тұрғыны:
- Жалпы, мақсатымыз – 31-мамыр демалыс күні болуы керек деп санаймыз.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналықтар ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60813/)