Өндіру саласында ашықтық бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өндіру саласында ашықтық бар

01.06.2018

Қазақстан өндіруші салалардың ашықтық бастамасы негізінде елеулі прогреске қол жеткізді. Бағалау нәтижесін шығарған Халықаралық хатшылық сарапшылары осындай оң бағасын  беріп отыр. Жалпы, Өндіру саласындағы ашықтық бастамасы дегеніміз - мұнай-газ және минералды ресурстарға бай елдерде ашықтық пен есеп берушілікті арттыруға жәрдемдесетін жаһандық стандарт. Жер қойнауы және оны пайдалану туралы ақпараттардың ашықтығын  қамтиды. Яғни, біздегі қазба байлықтың есебі, кіріс-шығысы инфографика түрінде ортақ веб-сайтта онлайн  көрсетілген. Бұл әділдікті, жемқорлықтың болмауын, тұрғындар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жүйені пайдаланғаннан мерзімнен бері елімізде 12 Ұлттық есеп жүргізілді.  Ортақ бастама 51 мемлекетте іске асырылып келеді. Солардың тек 14-і талапқа сай деп  танылған. Ішінде Қазақстан да бар. 

Ақбатыр Надырбаев, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:

- Қазір жаңа кодекс іске қосылып жатыр. Компаниялар ашық түрде өздерінің қорытынды есептерін беріп тұруы тиіс. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу