Елорданың 20 жылдығына орайластырылған шараға алғашында 500-дей бала қатысқан. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен болашақ туралы ойларын білдіріп, Қазақстанға арнаған тілектерін бейнежазбамен жолдаған-ды. Қатысушылардың үздіктерін анықтау үшін арнайы сарапшы топ құрылып, 16 жеңімпаз Астанаға арнайы шақыртылды. Олар екі күннен бері қаланың көрікті жерлерімен танысып, мерекелік бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ, жоба аясында елордаға қатарластарына үлгі көрсетіп жүрген дарынды, батыр балалар да шақырылды. Кішкентай қонақтардың көбі бас қалаға алғаш рет келген. Жобаның мақсаты – өскелең буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамның маңызды бір бөлшегі екендіктерін ұғындыру.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«balapan» телеарнасы ұйымдастырған «Менің Қазақстаным!» байқауының жеңімпаздары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60840/)