Соның ішінде елорда іргесіндегі десанттық шабуылдау бригадасын 200-ге жуық жас сарбаз толықтырды. Олар 68665 әскери бөлімінде бір ай бойы жауынгерлік дайындықтан өтіп, салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Ата-аналары балаларының ержетіп, жігерлі жігітке айналғандарына дән риза. Ал, командирлері болса, «барлығы физикалық тұрғыда шыңдалған, сауатты және рухты азаматтар», дейді. Сарбаздар әскери әзірліктері мен қойын-қолтық ұрыс кезінде меңгерген шеберліктерін көрсетті.
Мейірбек Бұралқиев, сарбаздың ағасы:
- Әскери ант қабылдау біз үшін мереке. Баламыз Әміржан Асылбек бүгін ант қабылдады. Өте ризамыз, жүздері бал-бұл жанып, өздері сондай әсерде. Бір айдың ішінде үйренгендерін көрсетті. Бәріміз өте қуандық.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрлықтағы әскерлер қатарына 4000 адам қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60847/)