Дәстүрлі бәйгенің қоры қомақты - 5,5 миллион теңге. Байқаудың серіктестері - Қазақстан жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілдерді дамыту қоры. Бірегей сайыс Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы онда дарынды және табысты жастарға назар аудару керектігін айтқан. Байқау құрылтайшысы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жыл сайын 1,5 миллион теңге көлемінде арнайы номинация тағайындайды. Бұған дейін «Алтын тобылғы» еліміздің барлық өңірлерінен 17 жаңа жас ақын-жазушылардың есімін елге танытқан.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астананың 20 жылдығына арналған «Алтын тобылғы» әдебиет байқауы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/60918/)