«Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымы түсіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымы түсіріліп жатыр

14.06.2018

«Қазақ хандығы» сериалының екінші маусымы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының Иір су жайлауында түсіріліп жатыр.

Тарихи көркем кинотуынды «Қазақ хандығы. Алтын тақ» деп аталады. Мұнда 1470 жылдан 1485 жылға дейінгі аса күрделі кезең суреттелген. Яғни, Жәнібек пен Керейдің Әбілқайыр Шәйбанидың ұрпақтарымен Қазақ хандығының Сығанақтағы тақталасы. «Негізінен, хандық тұсындағы оқиғалар Қаратау маңында өрбігеннен кейін бұл жердегі тұмса табиғат сол заманның көрінісін бере алады», - дейді киногерлер. Сондықтан, биылға маусымдық түсірілімнің де көрермен үшін тосынсыйлары көп. 

Рүстем Әбдірашев, режиссер:

- Ақ орданың астанасы Сығанақты қайтарудың маңындағы оқиғалардың айналасында өрбиді. Бірінші маусыммен салыстырғанда екінші маусым әлдеқайда қызығырақ. Кино болғандықтан, әсіресе, жастарға қызығырақ болсын деп, біз сол заманның көптеген оқиғаларын қайтадан тірілтуге тырыстық. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу