Алматыдағы ҚазҰУ-де «Тоталь Энерджи» жазғы мектебі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ҚазҰУ-де «Тоталь Энерджи» жазғы мектебі жұмысын бастады

15.06.2018

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Тоталь Энерджи» жазғы мектебі жұмысын бастады.  

«Гео-энергетика» ғылыми зерттеу орталығының базасында ұйымдастырылған шара Франция мен Қазақстан арасындағы білім берудегі ынтымақтастықты арттыруға негізделген. Мұнда студенттер теориялық білімді тәжірибелік дағдылармен ұштастырады. Сондай-ақ, «Тоталь» компаниясының сарапшылары бір апта бойы кәсіби сараптама жүргізіп тәжірибеден алынған мысалдарды зерттеу арқылы дәріс береді.  Жалпы, Францияның «Тоталь» компаниясы еліміздегі Қашаған кенішінде 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде өндіріс орны елімізге 12 млрд. АҚШ доллар инвестиция құйған.

Ғалымқайыр Мұтанов,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры:    

Үлкен маңызды іс-шара. Өйткені, жазғы мектепті әлемге белгілі «Тоталь» компаниясы арнайы ұйымдастырып отыр. Франциядан 10-нан аса білікті профессорлар келді. Олар өз білімдерін біздің студенттерге беруде

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу