Астанада ТМД елдері кеден қызметі басшыларының 67-ші кездесуі және Кеден одағы елдері кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 27-ші кездесуі өтті. Онда аталған саладағы заңнаманы жетілдіру мен оны қолдану мәселесі қаралды.
Сондай-ақ, электронды құжат алмасуды кеңінен енгізу сөз болды. Кеден қызметі басшыларының 67-ші жиыны аясында 30-дан астам құжатқа қол қойылды. Кеңестің кезекті жиыны күзде Беларусь астанасы Минскіде өтеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ТМД елдері кеден қызметі басшыларының кеңесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61012/)