Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке есепшоттардың саны 10 миллионнан асты. Бұл туралы салымшыларға арналған ашық есік күнінде айтылды. Қала тұрғындары қор басшылығымен кездесіп, өздерінің шоттары жайында мағлұмат алды.
Сондай-ақ, салымшыларға көрсетілетін барлық электронды қызметтің түрі таныстырылды. Енді еліміздің кез-келген азаматы өзінің есепшотын мобильдік қосымша арқылы бақылай алады. Ашық есік күндерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүрге айналдырған. Өйткені, бұл шараға тұрғындар тарапынан қызығушылық өте жоғары.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зейнетақы қоры ашық есік күнін өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61078/)