Қызылордада шөп бояумен жазылған Құран кәрімнің түпнұсқасы сақтаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада шөп бояумен жазылған Құран кәрімнің түпнұсқасы сақтаулы

26.06.2018

Кітап Мысырдағы «Фарухи» баспасында қатталған, мұқабасы мал терісімен қапталған. 446 беттен тұратын туындыны облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қызметкерлері өңірлік экспедиция кезінде тапқан. Аяттар мен сүрелер әлі де анық көрінеді. Араб тілінде жазылған Құран кітап көпшілікке қолжетімді болуы үшін оның электронды нұсқасы әзірленді.  

Нұржамал Мырзамұратова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры:

- 410 мың дана кітап бар. Соның 6600 данасы сирек кездесетін кітаптарға жатады. Солардың ішіндегі ең құндысы-1293 жылы араб тілінде жарық көрген Құран кәрім кітабы. Негізі, бұл кітап Мысырда жарық көрген.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу