Облыс әкімі тәртіп сақшыларына «LADA Vesta», «LADA Largus» маркалы 24 көлік, 7 «Toyota Corollа» автокөлігі, 5 квадроцикл және 2 электромобильдің кілтін табыстады. Темір тұлпарлар жол талғамайды, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мәселен, «LADA Vesta» көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі бейнекамералар 360 градусқа бұрылып, 800 метр қашықтықтағы көлікті түсіруге қауқарлы. Сондай-ақ, көлікке борт-компьютерлер де орнатылған. Бұл - жоғалған, іздеуде жүрген, мемлекеттік нөмірі жоқ автомобильдерді анықтау үшін қажет. Хаттаманы электронды толтыруға мүмкіндік беретін планшеттері де бар.
Ұлықбек Мылтықов, МО ІІД ЖПҚ басшысы:
- Бұрын хаттаманы 15-20 минут толтырған болса, оны тіркегенше бір тәулік жүретінбіз. Енді бірден электронды түрде толтырып, онлайн базаға тікелей енгізіледі. Бар-жоғы 2-3 минут кетеді. Тіпті, қағаз шығаратын принтер де бар. Әкімшілік хаттаманы бірден шығарып, жүргізушіге бір данасын беріп жібереміз.
Айсара АЙТМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысының полицейлеріне 38 су жаңа көлік берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/61149/)